Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау мақсатында сәбиге азан шақырып, есім қою рәсімі өтті.
Игі шараны мешіт имамы Ерлан Орынбай ұйымдастырып, сәбидің құлағына азан шақырып, есімін қойып, ақ батасын берді.
Бұл дәстүрдің ислам діні мен қазақ халқының мәдени мұрасындағы орны ерекше екенін атап өтті.
Шара соңында жас отбасыға ізгі тілектер айтылып, сәбидің өміріне береке мен бақ тіленді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі