«Әл-Ғаффар» мешітінің дін қызметкерлері және мешіт жанындағы әйел-қыздар жамағатынан құралған «Kozaiym community» клубы қарттар үйіне зиярат жасады.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – қарттарға қамқорлық көрсету, оларға рухани қолдау білдіру, сондай-ақ қоғамда қайырымдылық пен ізеттілікті насихаттау болды. Зиярат барысында ұжым мүшелері қариялармен сұхбаттасып, хал-жағдайларын біліп, тәтті-дәмділер мен қажетті заттар тарту етіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Ізгілік пен мейірімге толы бұл жүздесу қарттардың көңілін бір көтеріп, жүректеріне шаттық сыйлады. Ұжым өкілдері қарияларға құрмет көрсету – әрбір мұсылманның борышы екенін атап өтіп, жастарды осындай сауапты істерге белсенді атсалысуға шақырды.
Kozaiym community алдағы уақытта да әлеуметтік және рухани бағыттағы қайырымдылық іс-шараларын жалғастыруды жоспарлап отыр.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы