Center Image
IHSAN.KZ
«Жыржыс қажы» мешіті шәкірттері «Қазақ күресінен» жүлделі оралды
«Жыржыс қажы» мешіті шәкірттері «Қазақ күресінен» жүлделі оралды

18 қазан – «Рухани келісім» мерекесіне орай Қарағанды облысында өткен қазақ күресі сайысында Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің шәкірттері жүлделі орын иеленді.

Жарысқа аудан имамы Рүстем Мұратұлының батасымен қатысқан шәкірттер ұлттық спортты насихаттап, салауатты өмір салтына үлгі көрсетті.

Шараның басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дамыту, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz