Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫДА «ЖЫЛУ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
ҚАРАҒАНДЫДА «ЖЫЛУ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысын бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы бастау алды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали  Естай Айтуғанұлының бастамасымен, сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан игі шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж екі  отбасыға 10 тонна қысқы отын түсірілді.

 

Сауапты шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету.

 «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Осындай игі істің жүзеге асуына мұрындық болып, демеушілік көмек көрсеткен «КарТрансУголь» ЖШС-ның директоры Александр Сергеевичке «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы алғысын білдіріп, облыс бас  имамы Естай Айтуғанұлының атынан алғыс хат пен «Ихсан рухани тәрбие негізі» кітабын тарту етті.

 

Күні кеше бастау алған қайырымдылық акциясы алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz