Center Image
IHSAN.KZ
Ислам құндылықтары және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағылымы
Ислам құндылықтары және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағылымы

Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінде әйел-қыздарға ұстаз Әмина Алмасқызы тұрақты түрде сира дәрістерін өткізіп келеді.


Дәріс барысында шәкірттер Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаянымен танысып, өнегелі тұстарынан тағылым алып жатыр.

Сонымен қатар ұстаз әр сабақта сүннетке сай өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіріп, күнделікті өмірде қолдануға болатын амалдарға тоқталады.

Қатысушылар дәрістерден рухани күш алып, бір-бірімен имани байланыстарын нығайта түскен.

Бұл игі бастама әйел жамағатының діни білімін арттыруға және рухани дамуына үлкен үлес қосты.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz