Center Image
IHSAN.KZ
Қайырымдылық іс-шарасы: «Нұр» мешітінде ұшыр үлестірілді
Қайырымдылық іс-шарасы: «Нұр» мешітінде ұшыр үлестірілді
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде ұшыр үлестірілді. Бұл игі іс жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асты.

Іс-шара барысында мешіт азаншысы Нұрғали Байкешев ұйымдастыру жұмыстарын атқарып, қайырымдылыққа үлес қосқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді. 

Ұшыр үлестіру – мұсылман қауымының арасындағы бауырмалдықты, бірлік пен мейірімділікті арттыруға бағытталған игі дәстүрдің бірі.

Мешіт ұжымы атынан демеушілерге Алла Тағала мол сауап жазып, кәсібіне береке нәсіп етсін деген тілектер айтылды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz