Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде заманауи технология мен руханият ұштасқан ерекше іс-шара өтті. Жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) өмірбаяны мен түрлі қисса оқиғалар виртуалды көзілдірік (VR) арқылы көрсетілді.
Іс-шара барысында қатысушылар ислам тарихындағы маңызды сәттерді бейне және 3D кеңістікте тамашалап, сол дәуірдің рухын сезінді. Мешіт жамағаты мен келген қонақтар VR технологиясының әсерлі мүмкіндіктеріне тәнті болып, өз әсерлерін бөлісті.
Имамның айтуынша, бұл бастама жастардың дінге қызығушылығын арттыру және ислам тарихын заманауи тәсілмен жеткізу мақсатында ұйымдастырылған.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы