Center Image
IHSAN.KZ
«Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында Шахан кентінде жұма уағызы өткізілді
«Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында Шахан кентінде жұма уағызы өткізілді
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы «Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында Шахан кентіне барып, жұма намазында уағыз-насихат жүргізді.

Жұма уағызында имам «Дүние — ақырет егістігі» тақырыбында сөз қозғап, мұсылман баласының бұл дүниедегі әрбір іс-амалының ақыретте жауапкершілікке алынып, сауап не күнә ретінде жазылатынын түсіндірді. Сонымен қатар жамағатты адалдыққа, ізгі амалдар жасауға және уақытты пайдалы өткізуге шақырды.

Игі іс-шараның мақсаты – ел арасында діни сауаттылықты арттыру, имандылық пен рухани құндылықтарды насихаттау.

Алла Тағала осындай игі істердің қабыл болуын нәсіп етсін!

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz