Center Image
IHSAN.KZ
Топар кенті емханасында екпеге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Топар кенті емханасында екпеге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлы аймақтық емханада екпе салуға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында имам дін тұрғысынан екпенің маңыздылығын түсіндіріп, оның адам денсаулығын сақтау мен індеттің алдын алудағы рөлін атап өтті. 

Сондай-ақ, екпе жөнінде халық арасында туындаған түрлі қате түсініктерге тоқталып, мешіт пен медицина саласының қоғам игілігі жолындағы ортақ мақсаттарын атап өтті.

Шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың денсаулық мәдениетін арттыру және екпе туралы дұрыс діни әрі ғылыми көзқарас қалыптастыру болды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz