Center Image
IHSAN.KZ
«Жат ағым жарға жығады» атты кездесу өтті
«Жат ағым жарға жығады» атты кездесу өтті
Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты Долинка кентінде орналасқан әскери бөлімшеде «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға әскери қызметкерлер мен жас сарбаздар қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу, сарбаздардың діни сауатын арттыру және рухани иммунитетін күшейту болды.

Кездесуде Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің қызметкері Жәңгір Нұрлыбек «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, дәстүрлі Ислам мен теріс бағыттағы ағымдардың айырмашылығын түсіндірді. Сонымен қатар ол «Суицидтің шариғаттағы үкімі» туралы уағыз-насихат жүргізіп, өмірдің қастерлілігі мен сабырдың маңызын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Осындай кездесулер әскери қызметкерлердің діни танымын арттыруға және рухани тұрақтылығын нығайтуға сеп болмақ.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz