Center Image
IHSAN.KZ
Ақадыр кентінде имам жамағатқа діни тағылым айтты
Ақадыр кентінде имам жамағатқа діни тағылым айтты

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы жамағатпен кездесу өткізді.


Кездесуде Әбу Ханифа мәзһабы мен Имам Матуриди ақидасының ерекшеліктері түсіндіріліп, олардың исламдағы орны мен маңызы айтылды.
Имам дәстүрлі діни ұстанымдарды сақтау, бірлік пен ізгілікке ұмтылу жайында насихат жүргізді.


Жамағат имамның уағызынан тағылым алып, өз сенімін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz