Саран қалалық мешітінде ұстаз Әмина Алмасқызының ұйымдастыруымен Әжелер мектебінің белсенді мүшелерімен жүздесіп, бүгінгі қоғамда әйел-қыздар жамағатының орны, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы жайлы уағыз-насихат жүргізді.
Кездесу барысында жамағатты жандандыру, рухани сауатты арттыру, дәстүр мен дін үндестігін сақтау бағытында алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар мен жоспарлар талқыланды.
Көпті көрген ақ жаулықты аналарымызбен сұхбаттасып, олардың өмірлік тәжірибесіне, келер ұрпаққа өнеге болар игі бастамалар қолға алынды.
Бұл басқосу — жамағат арасындағы байланысты күшейтуге, ортақ мақсатқа жұмылуға жасалған маңызды қадам болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы