Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ақида сабақтары өз жалғасын табуда
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде имам Азамат Төлеуханұлының бастамасымен ақида (сенім) пәні бойынша тұрақты дәрістер өткізіліп келеді.
Аталған сабақтардың басты мақсаты — мұсылман жамағатының сенімдік білімін жүйелеу, дәстүрлі Матуриди ақидасы негізіндегі діни түсінікті тереңдету және қоғамда діни тұрақтылық пен бірлікті нығайту.
Сабақтар барысында Ислам дінінің сенімге қатысты негізгі ұстанымдары, Алла Тағаланың сипаттары, пайғамбарлық, және ақырет сенімі секілді тақырыптар жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылардың қойған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Имам Азамат Төлеуханұлы өз сөзінде діни ілім алудың маңыздылығына тоқталып:
> «Ақиданы дұрыс түсіну – мұсылманның иманын бекітіп, амалдарын ықыласпен орындауға жетелейді»,
– деп атап өтті.
Бұл бастама – жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, Исламның орта жол (уасатия) қағидатын кеңінен насихаттауға және қоғамда рухани тұтастық пен тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы