Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы 18 қазан – Рухани келісім күніне орай өткен «Рухани мәдениет – әлемді өзгертудің кілті» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара Долинка кентінде орналасқан «Карлаг» музейінде ұйымдастырылды. Жиынға өңірдің дін басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қатысып, өзара рухани келісім мен мәдени құндылықтарды сақтау туралы пікір алмасты.
Басқосу барысында қатысушылар рухани мәдениеттің қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтудағы маңызына тоқталды. Сонымен қатар рухани келісім – халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың кепілі екені атап өтілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы