Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінен көп балалы отбасыға қайырымдылық көмек
«Нұр» мешітінен көп балалы отбасыға қайырымдылық көмек
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде көп балалы отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Бұл игі іс мешіт жамағаты мен жанашыр азаматтардың қолдауымен ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы:
— Қайырымдылық – мұсылманның ең асыл қасиеттерінің бірі. Мұқтаж жандарға көмектесу – қоғамның берекесін арттыратын амал. Алла тағала осындай ізгі істерімізді қабыл еткей, — деп игі тілек білдірді.

Осындай шаралар арқылы мешіт қызметкерлері қоғамдағы әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетіп, ел ішіндегі мейірімділік пен бауырмалдықты арттыруды мақсат етеді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz