Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінің қызметкерлері «Карлаг» музейін зиярат етті
«Нұр» мешітінің қызметкерлері «Карлаг» музейін зиярат етті
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің қызметкерлері Долинка кентінде орналасқан «Карлаг» музейіне зиярат жасады. Игі іс-шараға діни басшылар мен түрлі ұлт өкілдері де қатысып, ортақ тарихқа тағзым етті.

Музей қызметкері қатысушыларға «Карлаг» тарихы, ондағы ауыр кезеңдер мен жазықсыз жапа шеккен азаматтардың тағдыры жайлы жан-жақты мағлұмат берді.

Зиярат барысында қатысушылар еліміздің бейбіт өмірі мен бірлігінің қадірін ұғына отырып, өткеннен тағылым алу қажеттігін атап өтті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz