Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешіті имамы оқушылармен рухани келісім туралы кездесу өткізді
«Нұр» мешіті имамы оқушылармен рухани келісім туралы кездесу өткізді
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы қалалық орталық кітапханада өткен «Бейбітшілік пен келісімнің жалғыз жолы – рухани келісім» тақырыбындағы кездесуге қатысып, мектеп оқушыларымен жүздесті.

Кездесу барысында имам Әбілхайыр Кәсенұлы рухани келісім мен бейбіт өмірдің маңызы жайлы ой бөлісіп, қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықтың исламдағы орнына тоқталды. Сондай-ақ жастарды ізгілікке, ынтымақ пен бірлікке шақырып, діни және ұлттық құндылықтарды қадірлеудің маңызын түсіндірді.

Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды. Кездесу жылы атмосферада өтіп, қатысушылар рухани серпіліс алды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz