Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінің наиб имамы кітапханада кездесу өткізді
«Әл-Машани» мешітінің наиб имамы кітапханада кездесу өткізді

16 қазан күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында "Күретамыр" тарихи- өлкетану үйірмесімен бірлескен 18 қазан Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – тұрақтылық пен бірліктің кепілі» атты кездесу-диалог іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында оқырмандар назарына еліміздің Тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі - қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылатын «Рухани кел
ісім – тұрақтылық пен бірліктің кепілі» атты бейнеролик ұсынылды.

Облыстық «Әл-Машани» мешітінің наиб имамы Әсет Наурызбайұлы - «Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы –  азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу», Қарағанды медицина университетінің «Қазақстан тарихы және ӘСП» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессоры  Сакен Мендуллаұлы Аралбаймен осы кафедраның ассистент профессоры Камшат Жақсылыққызы Абдрахманова – «Береке, бірлік, тұрақтылық, тыныштық, татулық пен келісім – біздің басты байлық» тақырында ой бөлісті.

Сонымен бірге Қарағанды медицина университетінің студенттері «Рухани келісімді, татулықты, ел тұтастығы мен орнықты дамуды жүзеге асыру - мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыттарының бірі» тақырыбы бойынша презентация жасап, татулық, бірлік туралы өлеңдер оқыды.

Әрқайсымыз үшін ең басты құндылықтар - бейбітшілік, келісім және халықтар бірлігі. Халықтар бірлігі - бұл күш. Бейбітшілікті сақтау және халықтар арасындағы қақтығыстардың алдын алу үшін келісім мен бейбітшілік болуы керек. 

Іс-шараға  Қарағанды медицина университетінің студенттері, "Күретамыр" тарихи-өлкетану үйірме мүшелері, «Ровесник» клуб мүшелері қатысты.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz