Center Image
IHSAN.KZ
Ақадырда Мәуліт мейрамы аталып өтті
Ақадырда Мәуліт мейрамы аталып өтті

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентінде орналасқан «Иса молла» мешітінде имам Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне орай рухани-мәдени іс-шара өтті.

Мәуліт аясында ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында арқан тартыс, қол күрес секілді спорттық жарыстар ұйымдастырылып, ауыл жастары мен тұрғындары белсене атсалысты. Сонымен қатар викториналық ойындар өткізіліп, жеңімпаздарға сый-сияпаттар табысталды.

Мерекелік іс-шара барысында дастархан жайылып, арнайы сойылған қойдың етімен дайындалған палау елге ұсынылды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz