Center Image
IHSAN.KZ
«Спорт — денсаулық кепілі» атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті
«Спорт — денсаулық кепілі» атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті

Бүгінгі таңда салауатты өмір салтын қалыптастыру – әрбір отбасының басты міндеттерінің бірі. Себебі спорт – денсаулықтың кепілі, ал дені сау ұлт – ел болашағының тірегі.

Осы мақсатта Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешіті мен Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің шәкірттері арасында «Спорт — денсаулық кепілі» атты отбасылық эстафеталық жарыс өткізілді. Шараны мешіт ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы мен Гүлнұр Қаныбекқызы ұйымдастырды.

Жарыстың басты мақсаты – ата-аналар мен балаларды ортақ іс-шарада біріктіру, отбасылық бірлікті арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды. Әр отбасы жарысқа жоғары дайындықпен келіп, белсенділік танытты.

Эстафета бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар шапшаңдық пен ұйымшылдықтарын көрсете білді. Әр топ ерекше өнер көрсетіп, отбасылық ауызбіршіліктің үлгісін танытты.

Жарыс соңында жеңімпаз отбасылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал ең басты жеңіс – қатысушылардың жүзіндегі шат күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй болды.

Мұндай іс-шаралар қоғам үшін маңызды. Себебі спорттық жарыстар тек физикалық белсенділікті арттырып қана қоймай, отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілікті, ынтымақ пен түсіністікті нығайтады.

Ал дені сау отбасы – мықты қоғамның негізі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz