Center Image
IHSAN.KZ
Ақжал кентінде қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында құрбан шалынды
Ақжал кентінде қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында құрбан шалынды

Шет ауданына қарасты Ақжал кентіндегі кәсіпорын басшыларының, соның ішінде «Восток» және «Орталық» шахталардың меңгерушілерінің ұйытқы болуымен қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында құрбандық шалынып, оның еті әлеуметтік жағынан аз қамтылған 24 отбасыға үлестірілді.

Бұл игі шараның мақсаты – өндіріс аймағында еңбек етіп жүрген азаматтардың амандығын тілеп, қауіпсіздік мәдениетін насихаттау және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру болды.

Қайырымдылық іс-шара барысында ұйымдастырушылар мен мешіт жамағаты тұрмысы төмен отбасыларға ет өнімдерін жеткізіп, оларға жылы лебіздерін білдірді.

Мұндай ізгі амалдар – бірліктің, өзара қолдаудың және рухани жауапкершіліктің айқын көрінісі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz