Center Image
IHSAN.KZ
«Рухани келісім- бейбіт өмір бастауы» тақырыбында насихат айтылды
«Рухани келісім- бейбіт өмір бастауы» тақырыбында насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде 18-қазан — Рухани келісім күніне орай мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы «Рухани келісім- бейбіт өмір бастауы» тақырыбында жамағатқа насихат айтты.

Уағыз барысында имам ел ішіндегі тыныштық пен өзара сыйластықтың маңыздылығына тоқталып, рухани келісімнің қоғам тұрақтылығы мен бейбіт өмірдің басты кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұсылман баласын бірлікке, татулыққа және өзара түсіністікке шақырып, Алланың разылығы бірлікте екенін жеткізді.

Жамағат уағыздан тағылым алып, Рухани келісім күнінің мәні мен маңызын терең сезінді. Мұндай шаралар қоғамда өзара сыйластық пен татулықтың артуына септігін тигізеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz