Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті. Іс-шараны мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жүргізді.
Іс-шара барысында имам пәтуа мәселелеріне тоқталып, жамағат тарапынан қойылған түрлі діни сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерге қатысты түсіндірме беріп, діни сауаттылықты арттырудың маңызын атап өтті.
Мұндай «Пәтуа сағаты» форматындағы кездесулер жамағаттың діни білімін жетілдіріп, дұрыс діни түсінікті қалыптастыруға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы