Қарағанды қаласындағы «Бұқар жырау» мешітінде Ислам дінін қабылдаған өзге ұлт өкілдерінің қатары көбейіп келеді.
Жас буын өкілдері Ислам дінін — ақиқат пен тазалықтың, болашаққа апарар жол деп танып, дінге бет бұрып жатыр. Бұл үрдісті мешіт имамдарының күнделікті дәрістері мен насихатының нәтижесі деуге болады.
Соңғы кездері өзге ұлт өкілдерінің Исламға бет бұруы — қоғамда рухани ізденістің артып, асыл дінімізге деген сенімнің нығайып келе жатқанын көрсетеді.
Бүгінде Магадед, Александр, Эльдар есімді азаматтар Ислам ілімін үйреніп, тұрақты түрде діни дәрістерге қатысып жүр.
Мешіттің наиб имамы Нұрсұлтан жаңадан дінге келген жамағатқа Ислам құндылықтарын түсіндіріп, оларға дұрыс діни білім алуға жол сілтеп келеді.
ҚМДБ Қарағанды облыстық баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы