Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде бауырластық пен бірлік тақырыбында уағыз айтылды
«Әл-Машани» мешітінде бауырластық пен бірлік тақырыбында уағыз айтылды

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен 18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Бауырластықтың нығметі» тақырыбында мешіт жамағатына тағылымды насихат айтылды.

Шараның мақсаты – қоғамдағы өзара сыйластықты, бірлік пен бейбітшілікті насихаттау, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу болды.

Ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызы өз сөзінде рухани келісім мен бауырмалдықтың Исламдағы орны жайында айтып, мұсылманның ең көркем сипаты – кешірім мен мейірім екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ жамағатты өзара татулық пен бірлікке, жақсы амал жасауға үндеді.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz