Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде отбасылық дәстүрлер тақырыбында насихат өтті
«Бала қажы» мешітінде отбасылық дәстүрлер тақырыбында насихат өтті

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен «Отбасылық дәстүрлерді қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбында мешіт жамағатына насихат өткізілді.

Шара «Дін және дәстүр» бағытында ұйымдастырылып, қатысушыларға отбасы құндылықтарының рухани мәні, дәстүрлі тәрбие мен ата-баба салттарын сақтау, ұрпақ тәрбиесінде дін мен дәстүрдің үйлесімділігін сақтау туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызы өз уағызында отбасылық берекенің маңызы, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі және отбасының қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктегі орны туралы нақты мысалдар келтірді. 

Сонымен қатар, қатысушыларды отбасы ішінде өзара сыйластық, мейірімділік пен түсіністікке шақырды.

Іс-шара соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, насихаттан алған әсерлері мен пайдалы ақпараттары үшін ұстазға алғыстарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz