«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде шаңырақ көтерген жас отбасылармен кездесу ұйымдастырылды.
Аудандық мешіттің имамы Рүстем Мұратұлы кездесуге қатысушыларға отбасының рухани және әлеуметтік маңызы, дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтау, шаңырақтағы береке мен татулықты нығайту тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында имам жастарға отбасының орны мен тәрбиедегі жауапкершілік, сүйіспеншілік пен өзара сыйластықтың маңызы жайлы нақты мысалдар келтіріп, қатысушыларды отбасы өмірін дұрыс құруға және дәстүрлі құндылықтарды ұстануға шақырды.
Іс-шара соңында жас отбасылар имамға алғыстарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы