Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде 25 қазан – Республика күніне орай мешіт жамағатына арналған мерекелік дастархан жайылды.
Шара барысында мешіттің наиб имамы Дастан Абдрахманов «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Уағызында имам тәуелсіз мемлекеттің ең басты тірегі – ынтымақ пен татулық екенін атап өтіп, әрбір мұсылман ел амандығы мен халық бірлігі үшін дұға жасап, қоғамда ізгілік пен мейірім орнатуға атсалысуы керектігін жеткізді.
Іс-шара барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, ел қорғаған ата-бабалардың рухына дұға бағышталды.
Мерекелік жиын жамағат арасында жылы атмосферада өтіп, елге деген сүйіспеншілікті, отансүйгіштік сезімді арттыра түсті.
Осындай рухани мазмұндағы шаралар қоғамда бейбітшілік пен бауырмалдықты нығайтуға өз септігін тигізуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы