Қарағанды қаласында
орналасқан «СУЛТАНОВА Н.Е.» ЖК «Достар» қоғамдық
тамақтану орнының Орбита-1, 16/2 мекен-жайында орналасқан нүктесі ҚМДБ Халал Даму ЖШС-нің сертификатын иеленді.
Мекеменің қызмет барысын толық
тексерістен өткізіп, дәмхананың асханасына зертханалық жұмыс жасау мақсатында
«Халал Даму» ЖШС –ның Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Амангелді
Дәулеткелдіұлы арнайы бақылау жұмыстарын жүргізді.
Тексеріс барысында өнімдердің
құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі
тазалығын тексерді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық
тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы,
мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың
стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды
болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс
процесі тексерілді.
Сонымет қарат, аталмыш кәсіпорынның Қарағанды қаласы,
Стартовая жолағы, 61/1 мекен-жайында орналасқан нүктесі ҚМДБ Халал Даму ЖШС сертификатын
жаңартты.
Арнайы сертификатты «Халал Даму»
ЖШС –ның Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Амангелді Дәулеткелдіұлы
табыстады.
Алдағы уақытта «СУЛТАНОВА Н.Е.» ЖК «Достар» қоғамдық тамақтану орнына асы адал,
жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз!
Дәмханалар Қарағанды
қаласы,
Стартовая жолағы, 61/1;
Орбита-1, 16/2
мекен жайларында орналасқан.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша
баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы