Center Image
IHSAN.KZ
Ақадырда «Спорт – денсаулық кепілі» атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті
Ақадырда «Спорт – денсаулық кепілі» атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде ұстаз Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен «Спорт – денсаулық кепілі» атты отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. 


Сайысқа «Тұлпар», «Жалын» және «Сұңқар» атты үш команда қатысты. Жарыс барысында қатысушылар қап киіп жарысты, секіртпемен секірді, шарды қасыққа салып ауызбен тасымалдап, дартс ойнап, өзара бақ сынасты.


Іс-шара соңында жүлделі 1-, 2-, 3-орын иеленгендерге сыйлықтар табысталды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz