Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде Рухани келісім күніне орай уағыз-насихат айтылды
«Бала қажы» мешітінде Рухани келісім күніне орай уағыз-насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Рухани келісім күніне» орай жамағатқа арнап тағылымды уағыз оқылды. Рухани келісім – ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлікті нығайтуды мақсат еткен маңызды мереке болып саналады. 


Мешіт имамы жамағатқа баға жетпес байлығымыз – егемен еліміздегі тұрақтылық пен татулықты сақтау жөнінде хадистер мен ғибратты оқиғалар арқылы кеңінен түсіндірді.


«Ислам діні мемлекет пен қоғамда тыныштық пен әділдік орнауын көздейді. Мешіт жамағатының татулығы артып, дініміздің көркеюіне үлес қоса берейік», – деді имам уағыз барысында.


Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекесін арттырып, тәуелсіздігімізді баянды етсін!


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz