Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қаласында жоғары «Болашақ» колледжі студенттерімен кездесу өтті
Қарағанды қаласында жоғары «Болашақ» колледжі студенттерімен кездесу өтті

Қарағанды қаласындағы жоғары «Болашақ» колледжінде жастар арасында діни сауаттылықты арттыру және жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нүртегіұлы қатысып, студенттерге қазіргі қоғамда белең алып отырған дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны мен олардың алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Имам өз сөзінде жастардың діни білімді сенімді, ресми дереккөздерден алу қажеттігін атап өтіп, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, еліміздің тыныштығы мен қоғамның тұрақтылығы жастардың саналы да білімді болуына тікелей байланысты екенін айтты.

Кездесу соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имамнан кеңестер алды.

Мұндай түсіндіру шаралары жастардың діни сауатын арттырып, ел ішіндегі рухани тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қосады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz