Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінің имамы рухани-танымдық бағытта уағыз жүргізді
«Ар-Рахман» мешітінің имамы рухани-танымдық бағытта уағыз жүргізді

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы «Рухани келісім – береке бастауы» тақырыбында жамағатқа арналған уағыз-насихат жүргізді.


Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда рухани келісім мен өзара түсіністікті нығайту, бейбітшілік пен бірліктің діни негіздерін түсіндіру болды. Уағыз барысында имам рухани келісімнің қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтіп, ислам дінінің татулық пен мейірімділікке үндейтін қағидаттарын кеңінен түсіндірді.


Сонымен қатар мұсылман жамағатының рухани жауапкершілігі, өзара сыйластық пен сабырлылықтың қоғамдағы орны, және ынтымақтың берекеге бастайтын негізгі фактор екені айтылды.

Бұл рухани насихат жұмысы жамағаттың діни және әлеуметтік танымын арттыруға, сондай-ақ қоғамда бейбіт өмір мен рухани келісімді дәріптеуге бағытталды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz