Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауландық мешітінде 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді
Абай ауландық мешітінде 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді

Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай қайырымдылық шарасы өтті.

Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында 30 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Имам Асхат Қанайұлы өз сөзінде Республика күнінің ел бірлігі мен бауырмалдықты арттырудағы маңызына тоқталып, игі іс арқылы қоғамда мейірім мен қамқорлықты насихаттау – әрбір мұсылманның парызы екенін айтты.

Алынған сауапты істердің барлығы елдің ынтымағы мен тұрақтылығына қызмет ететінін атап өтіп, шараға үлес қосқан барша жомарт жандарға алғыс білдірді.

Мұндай қайырымдылық шаралары ел ішіндегі рухани бірлікті нығайтып, жұртшылықты ізгі амалдарға үндейді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz