Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешіті облыстық қайырымдылық дзюдо сайысын ұйымдастырды
«Нұр» мешіті облыстық қайырымдылық дзюдо сайысын ұйымдастырды
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен облыстық дзюдо сайысы ұйымдастырылды.

Жарыстың басты мақсаты – жастарды саламатты өмір салтына баулу және қайырымдылық арқылы рухани тәрбиені нығайту болды. Сайыс 18 қазан – Рухани келісім күні қарсаңында өткізіліп, бұл игі бастаманың мазмұнына ерекше мән берді.

Іс-шараның ашылуында мешіт имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың жастар өміріндегі орны мен қайырымдылықтың рухани маңызын атап өтті.

Жарысқа 100-ге жуық жас спортшы қатысып, 29 келіден 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Өз шеберліктерін көрсеткен жеңімпаздарға медальдар мен марапат қағаздары табысталды.

Сайыстан түскен барлық қайырымдылық қаражат Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің асхана құрылысына жұмсалатын болады.

Аталмыш іс-шара балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығының, «Сакура» дзюдо клубының және «Тентек» спорт кешені директоры Анарбек Ахметовичтің қолдауымен жүзеге асты.

«Нұр» мешітінің ұжымы атынан барлық қолдау білдірген жандарға шынайы алғыс айтамыз! Алла Тағала істеген игі істеріңізді сауаптан жазсын!

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz