Center Image
IHSAN.KZ
«Намаз-көзімнің нұры» атты қыз-келіншектерге арналған семинар-тренинг өтті
«Намаз-көзімнің нұры»  атты қыз-келіншектерге арналған семинар-тренинг өтті

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторына қарасты «Ханифа» қыздар даму клубының ұйымдастыруымен «Намаз – көзімнің нұры» атты қыз-келіншектерге арналған семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның басты мақсаты  әйел жамағатының рухани дамуына ықпал етіп, намаз құлшылығының маңыздылығын терең түсіндіру болды.

Семинар-тренингті облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы жүргізді. 

Шара барысында ұстаз намаздың адам өміріндегі орны, рухани және денсаулық тұрғысынан пайдасы жайлы жан-жақты насихат айтты. Сондай-ақ дәрет алу мен намаз оқудың практикалық үлгісі көрсетіліп, қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинар соңында қатысушы қыз-келіншектерге намаз үйренуге арналған жайнамаздар тарту етілді. Құран оқылып, ата-баба рухына, ел мен жердің тыныштығы үшін дұға жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz