Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерін қайта жаңғырту мақсатында ақ жаулықты әжелер мен қыз-келіншектердің қатысуымен дәстүрлі рухани-танымдық шара өтті.
Шараның басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды насихаттап, жас ұрпаққа ата-бабамыздан мирас болған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың мән-мағынасын жеткізу болды.
Іс-шара барысында ұлттық ойын түрлерінен «Асық ату» сайысы ұйымдастырылып, қатысушылар өз ептіліктерін сынады.
Сондай-ақ, ұршық иіру ғұрпы көрсетіліп, қазақ әйелдерінің тұрмыс-тіршіліктегі еңбегі мен қолөнер мәдениеті туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
Жиын соңында әжелер жастарға ұлттық киім мен әдеп сақтаудың, имандылық пен ибаның маңызын түсіндіріп, баталарын берді.
Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы ұлттың бай рухани мұрасы жаңғырып, дәстүр сабақтастығы жалғасуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы