25 қазан – Республика күніне орай Теміртау қаласындағы Мәдениет сарайында өткен салтанатты іс-шарада Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шарада қала әкімі Ғ.Ә. Әшімов пен қалалық мәслихат төрағасы А.Б. Ломакин тұрғындарды мерекемен құттықтап, бірқатар еңбек озаттарына құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке» деген сөзі шара барысында ерекше атап өтіліп, бұл күннің тарихи және рухани мәні кеңінен айтылды.
Мерекелік кеште Теміртау қалалық Мәдениет сарайының өнер ұжымдары мен халықаралық байқаулардың лауреаттары патриоттық рухтағы ән-билерін орындап, жиын жоғары деңгейде өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы