Center Image
IHSAN.KZ
Қарқаралы шәкірттері «Сиратану» танымдық ойынына қатысты
Қарқаралы шәкірттері «Сиратану» танымдық ойынына қатысты

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Айгерім Болатбекқызының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір жолын танып-білуге арналған «Сиратану» атты рухани-танымдық ойын өткізілді.

Шараның мақсаты  қатысушыларға сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезін насихаттап, ислам тарихына деген қызығушылықты арттыру болды.

Ойын барысында қатысушыларға сира ілімінен сұрақтар қойылып, пайғамбарлық кезеңдер, сахабалар өмірі мен исламдағы маңызды оқиғалар қамтылды. Танымдық әрі тартымды түрде өткен шара жамағаттың діни білімін тереңдетіп, пайғамбарлық сүннетті ұлықтауға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz