Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Айгерім Болатбекқызының ұйымдастыруымен «Әйел және психология» тақырыбында танымдық әрі рухани семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты әйел жамағатының рухани және психологиялық сауатын арттырып, жан дүниенің тыныштығы мен отбасы ынтымағын сақтаудағы әйелдің рөлін түсіндіру болды.
Семинар барысында ұстаз Айгерім Болатбекқызы әйелдің қоғамдағы орны, ішкі үйлесім мен сабырдың маңызы, эмоцияны басқару және рухани дамудың жолдары туралы тағылымды кеңестер айтты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Жиын соңында қасиетті Құран аяттары оқылып, арнайы жайылған дастархан басында жамағат рухани әңгіме өрбітті.
Осындай мазмұнды шаралар әйел жамағатының рухани тәрбиесін нығайтып, өзара бауырмалдық пен мейірімге үндейді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы