Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Айгерім Болатбекқызының ұйымдастыруымен «Жүрек және қоғам дерті» тақырыбында шәкірттерге арналған рухани-танымдық кездесу өтті.
Шара барысында ұстаз Айгерім Болатбекқызы жүректің рухани саулығы, иман мен ниеттің тазалығы, сондай-ақ қоғамдағы түрлі теріс әдеттер мен рухани әлсіздіктің себептері туралы әсерлі уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында жүректі тазартып, ізгі амалдар арқылы қоғамды түзету қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында қасиетті Құран аяттары оқылып, жайылған дастархан басында жамағат ізгі тілектер мен рухани ойларымен бөлісті.
Осындай тағылымға толы басқосулар жастардың имандылыққа, ізгілік пен адамгершілікке ұмтылысын арттыруға сеп болуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы