Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында «Пайғамбарыма сағыныш хаты» атты рухани-шығармашылық сайыс өтті. Шараны мешіт ұстазы Рахымбаева Айгерім Болатбекқызы ұйымдастырды.
Жарыстың негізгі мақсаты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті арттыру, әйел жамағатының рухани ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Қатысушылар өз жүрек төрінен шыққан әсерлі хаттарын оқып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сағыныш пен сүйіспеншіліктерін өлең және прозалық туындылар арқылы жеткізді.
Сайыс соңында үздік деп танылған шығармалар марапатталып, жеңімпаздарға діни және рухани бағыттағы кітаптар сыйға тартылды.
Рухани мазмұнға толы бұл шара жамағат арасында ерекше әсер қалдырып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен сүннетін ұлықтауға үндеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы