ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бейсенбілік рухани басқосу «Ата салтым – асыл қазынам» тақырыбында жалғасын тапты.
Шара барысында «Дін мен дәстүр» бағытының облыс бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы рухани кештің маңыздылығына тоқталып, асыл құндылықтарымыз жайында насихат айтты.
Сонымен қатар, ҚМДБ «Muftyat» басылымдарының бірі – «Дін мен дәстүр» 3- кітабының негізінде сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырды.
Белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Данияр Ерікұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығы жөнінде тағылымды насихат айтып, қазақы салт-дәстүр мен Ислам құндылықтарының өзара үндестігін түсіндірді.
Дәстүрге айналған бұл басқосу барысында жамағат игілігіне дастархан жайылып, ата-баба рухына арнап Құран бағышталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы