Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай кіші футболдан ауыспалы кубок турнирі ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы Қарағанды қалалық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Данияр Ерікұлы қатысып, жарысқа жиналған жамағатты мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ ол «Жат ағым – жарға жығады» тақырыбында уағыз-насихат айтып, әрбір азаматты діни тұрғыдан сауатты болуға шақырды.
Турнир барысында Саран, Ақтас, Шахтинск, Абай, Топар, Қарабас, Құлайғыр және Теміртау мешіттерінен келген сегіз команда сайысқа түсті.
Ойын нәтижесінде:
1-орынды – Теміртау мешіті,
2-орынды – Шахтинск мешіті,
3-орынды – Қарабас мешіті иеленді.
Жүлдегер командаларға арнайы алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы