Center Image
IHSAN.KZ
«Әлихан Бөкейхан» мешітінде тазалық және көріктендіру жұмыстары атқарылды
«Әлихан Бөкейхан» мешітінде тазалық және көріктендіру жұмыстары атқарылды

Қарағанды облысы Теміртау қалалық орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен мешітте тазалық және көріктендіру жұмыстары жүргізілді. 


Жұмыс барысында мешіттің сыртқы есіктері мен баспалдақтары сырланып, абаттандыру істері атқарылды. Мұндай игі бастама жамағатқа жайлы орта қалыптастыруға және мешіттің көркін арттыруға бағытталды. 


Аталған іс-шара жамағаттың ынтымағын нығайтып, ізгі істерге жұмылуға үлгі болды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz