Center Image
IHSAN.KZ
Топар кентінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті
Топар кентінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында республикалық деңгейдегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Абай ауданына қарасты Топар кентінде ұйымдастырылды.

Шараға мешіт жамағаты қатысып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияны Топар кенті мешітінің имамы Мұрсали Қаленұлы ұйымдастырды.

Ислам діні тазалық пен тәртіпті жоғары қояды. 

Осыған орай аталған игі іс қоғамда жауапкершілік пен ұқыптылық мәдениетін қалыптастыруға, жамағатқа үлгі болуға бағытталды. Акция барысында айналаны тазарту жұмыстары атқарылып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы насихатталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz