Center Image
IHSAN.KZ
Премиум А» шұжық өндірісі және «Акнар Кулинар» жартылай дайын өнімдері сертификатталды
Премиум А» шұжық өндірісі және «Акнар Кулинар» жартылай дайын өнімдері сертификатталды

Қарағанды қаласындағы «Премиум А» шұжық өндірісі және «Ақнар кулинар» жартылай фабрикаттары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Аудит жұмыстарын «Халал Дамудың» Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров жүргізді.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік цехтары, шикізат жеткізу және сақтау бөлімдері, дайын өнімнің қапталуы мен тасымалдану кезеңдері егжей-тегжейлі тексерілді. Сарапшылар технологиялық процестердің халал стандарттарына сәйкестігіне, қолданылатын қоспалар мен ингредиенттердің қауіпсіздігіне, сондай-ақ персоналдың санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауына ерекше назар аударды.

Тексеру нәтижесінде екі кәсіпорынның да өндіріс жүйесі толықтай «QMDB Halal» стандартының талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Сертификат табыстау рәсімінде мамандар халал талаптарын тұрақты түрде сақтау маңыздылығын атап өтіп, болашақта өндіріс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар берді.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz