Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмуд қажы Нұрұлының ұйымдастыруымен қызметкерлер қоңыр күздің жайлы күнінде мешіт аумағын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын атқарды.
Аталған іске жамағат пен шәкірттер де атсалысып, сынған ағаш бұтақтарын, тұрмыстық қалдықтар мен жөндеу жұмыстары кезінде қалған материалдарды жинап, аумақты ретке келтіруге ат салысты.
«Қоршаған ортаны таза ұстау және оны жастарға үлгі ету баршамыздың борышымыз», дейді мешіт имамы Махмуд қажы Нұрұлы.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы