Center Image
IHSAN.KZ
Хадис ілімі: «Ар-Рахман» мешітінде дәрістер тұрақты өтуде
Хадис ілімі: «Ар-Рахман» мешітінде дәрістер тұрақты өтуде

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ислам ғылымдарының маңызды саласы саналатын хадис ілімін оқыту  бойынша атақты ғалым, имам Науауийдің (р.а.) классикалық еңбегі «Риядус Салихин» кітабы негізінде дәріс  жүргізілуде.

Дәрісті Жолдыбаев Заңғар ұстаз өткізіп, Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-нің хадистерінде қамтылған рухани және ахлақтық құндылықтар, тақуалық, көркем мінез, қоғаммен қарым-қатынас әдебі, сондай-ақ құлшылыққа қатысты мәселелерін жан-жақты түсіндіруде. 

Сонымен қатар сұрақ-жауап пен талқылау әдісі арқылы жамағаттың алған білімін бекітуге және тереңдетуге мән берілуде.

Сабақтың негізгі мақсаттары:

• жамағаттың сүннетке сай білімін арттыру;

• діни сауаттылықты күшейту;

• қоғамда рухани тұтастық пен ізгілікті насихаттау.

Бұл игі бастама «Ар-Рахман» мешітінің діни-ағартушылық қызметін жандандырып, жамағаттың имани тәрбиесін күшейтуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz