Center Image
IHSAN.KZ
Мешіт асханасында күрделі жөндеу жүргізілуде
Мешіт асханасында күрделі жөндеу жүргізілуде

Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылдық «Мұқашұлы Тұрсын» мешітінің асханасында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 

Жоба мешіт жамағатына қолайлы жағдай жасау және жамағаттың ортақ пайдалануына арналған асхана қызметін жаңғырту мақсатында жүзеге асырылуда.

Жоспарға сәйкес асхананың ішкі инфрақұрылымы жаңартылып, санитарлық талаптарға сай жабдықтау, ас дайындау алаңын жетілдіру және заманауи жиһаздар орнату көзделген.

Жаңарту жұмыстары аяқталған соң асхана жамағатқа жайлы әрі қолайлы қызмет көрсетіп, игілікті шаралар мен қайырымдылық бастамаларының ұйымдастырылуына мүмкіндік бермек.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz